Дәулетбек Салия

"Самға" бөбекжай бақшасы

Дәулетбек Салия

Меңгеруші

Меңгеруші блогы


Құрметті ата-аналар, әріптестер және балабақшамыздың қонақтары!


«Самға» бөбекжай-бақшасына қош келдіңіздер!


Біздің басты мақсатымыз – әрбір балаға қауіпсіз, жайлы әрі мейірімге толы орта қалыптастырып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Біз үшін баланың денсаулығы, сапалы тәрбиесі мен білімі, шығармашылық қабілетінің дамуы және балабақшаға қуана келуі аса маңызды.


Балабақшамызда оқу-тәрбие үдерісі заманауи талаптарға сай ұйымдастырылып, педагогтеріміз әр баланың жеке ерекшелігі мен қабілетін ескере отырып жұмыс жүргізеді. Ата-анамен тығыз қарым-қатынас пен өзара сенімді серіктестікке ерекше мән береміз.


Меңгеруші туралы


Дәулетбек Салия Асқарқызы – жоғары білімді маман, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистрі. Польша Республикасында ғылыми тағылымдамадан өткен. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағыты бойынша 404 сағат көлеміндегі теориялық және практикалық даярлық курсынан өткен.


Кәсіби қызметінде білім беру мен мектепке дейінгі тәрбие саласының дамуына үлес қосып, бірқатар алғыс хаттар мен құрмет грамоталарына ие болған.


Ұстанымым:

«Әр бала – қайталанбас тұлға. Біздің міндетіміз – оның бойындағы қабілетін байқап, дамуына мүмкіндік беріп, бақытты балалық шақ сыйлау».


Құрметпен,

«Самға» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі

Дәулетбек Салия Асқарқызы