Біз сіздің балаңыздың жетістігін білім мен шығармашылық инфрақұрылымымен байланыстыра отырып, жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етуге тырысамыз.samga-bb.edu.kz
«Самға» бөбекжай бақшасы» ЖШС-ның ресми сайтына қош келдіңіз!
«Самға» бөбекжай бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан, Шымкент қаласы. 193-орам , 2576 Балбұлақ көшесі орналасқан.
Балабақшада 2 топ бар
«Күншуақ» Аралас топ
«Балапан» Аралас топ
Балабақша ұжымы білікті педагогтардан, жоғары санатты тәрбиешілерден, аспазшылар және медбикелерден құралған. Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етілген. Балабақшада үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Жыл бойы балаларға жеміс-жидектер және сүт өнімдері беріледі. Барлық ертеңгіліктер, іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Біз ата-аналармен біргелікте балаларды Отан сүйгіштікке тәрбиелейміз.